Осы Заң «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің құқықтық мәртебесін және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқару ерекшеліктерін айқындайды.
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V Заңы
Редакция 22.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дербес кластерлік қор (бұдан әрі – Қор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы – Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес құрылған, ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақ;
2-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңымен (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 2-тармақша өзгертілді ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңымен (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері (бұдан әрі – инновациялық кластер) – өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім және тәжірибе алмасу, зерттеулер жүргізу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы өнеркәсіптік-инновациялық қызметті ынталандыруға арналған инновациялық кластер қатысушыларының бірлестігі;
3-тармақша өзгертілді ҚР 27.12.2021 жылғы № 87-VII Заңымен (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушысының жобасы (бұдан әрі – қатысушының жобасы) – жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені.
5) технологиялық даму орталығы – инновациялық технологияларды дамытуға және құруға жәрдемдесетін, сондай-ақ өндірістік технологияларды жетілдіру бойынша оқытудың мазмұны мен іске асырылуын қоса алғанда, оқытумен айналысатын орталық;
1-бап 5-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 407-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
6) трансұлттық корпорация – негізгі ұйымнан және бірнеше елдер аумақтарындағы филиалдардан, еншілес ұйымдардан тұратын заңды тұлға (заңды тұлғалар жиынтығы);
1-бап 6-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 407-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7) шетелдік инвестициялық қор – айрықша қызмет түрі Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін жинақтау және инвестициялау болып табылатын бейрезидент-заңды тұлға.
1-бап 7-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 407-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 7-тармақша өзгертілді ҚР 27.12.2021 жылғы № 87-VII Заңымен (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасының инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы, өнеркәсіптік саясат, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасы инновациялық кластерге және Қорға осы Заңмен реттелмеген бөлігінде қолданылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 2-тармақ өзгертілді ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңымен (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ өзгертілді ҚР 27.12.2021 жылғы № 87-VII Заңымен (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Инновациялық кластер құрудың және оның жұмыс істеуінің мақсаты
Инновациялық кластер жаңа технологияларды жеделдетіп дамыту, зерттеулер жүргізудің, жаңа технологиялар әзірлеудің ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын одан әрі жетілдіру, оларды коммерцияландыруға жәрдем көрсету мақсатында құрылады және жұмыс істейді.
Полная версия