Осы Заң «Астана Хаб» инновациялық кластерінің құқықтық мәртебесін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.09.2025 жылғы № № 220-VIII Заңына сәйкес (15.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Астана Хаб» инновациялық кластері туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V Заңы
Заңның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.09.2025 жылғы № № 220-VIII Заңына сәйкес (15.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 11.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң «Астана Хаб» инновациялық кластерінің құқықтық мәртебесін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.09.2025 жылғы № № 220-VIII Заңына сәйкес (15.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) акселерация – инновациялық қызмет субъектілерінің инновациялық жобаларын қарқынды дамыту мақсатында оларды даярлау мен оқыту процесі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.09.2025 жылғы № № 220-VIII Заңына сәйкес (15.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры (бұдан әрі – Қор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым;
2-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңымен (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 2-тармақша өзгертілді ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңымен (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.09.2025 жылғы № № 220-VIII Заңына сәйкес (15.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) «Астана Хаб» инновациялық кластері (бұдан әрі – инновациялық кластер) – өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім мен тәжірибе алмасу, зерттеулер жүргізу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы инновациялық қызметті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық қызметті ынталандыруға арналған инновациялық кластер қатысушыларының бірлестігі;
3-тармақша өзгертілді ҚР 27.12.2021 жылғы № 87-VII Заңымен (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.09.2025 жылғы № № 220-VIII Заңына сәйкес (15.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) «Астана Хаб» инновациялық кластері қатысушысының жобасы (бұдан әрі – инновациялық кластер қатысушысының жобасы) – өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жасауға немесе жетілдіруге бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені.
4-тармақша өзгертілді ҚР 27.09.2025 жылғы № № 220-VIII Заңымен (15.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) «Астана Хаб» қатысушылары – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен «Астана Хаб» қатысушылары ретінде тіркелген заңды тұлғалар;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.09.2025 жылғы № № 220-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы – Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес құрылған, ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақ;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.09.2025 жылғы № № 220-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) технологиялық даму орталығы – инновациялық технологияларды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға және құруға жәрдемдесетін, сондай-ақ өндірістік технологияларды жетілдіру бойынша оқытудың мазмұны мен іске асырылуын қоса алғанда, оқытумен айналысатын орталық;
1-бап 5-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 407-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 5-тармақша өзгертілді ҚР 27.09.2025 жылғы № № 220-VIII Заңымен (15.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) трансұлттық корпорация – негізгі ұйымнан және бірнеше елдер аумақтарындағы филиалдардан, еншілес ұйымдардан тұратын заңды тұлға (заңды тұлғалар жиынтығы);
1-бап 6-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 407-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7) шетелдік инвестициялық қор – айрықша қызмет түрі Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызмет субъектілерін жинақтау және инвестициялау болып табылатын бейрезидент-заңды тұлға.
1-бап 7-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 407-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 7-тармақша өзгертілді ҚР 27.12.2021 жылғы № 87-VII Заңымен (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 7-тармақша өзгертілді ҚР 27.09.2025 жылғы № № 220-VIII Заңымен (15.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасының инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы, өнеркәсіптік саясат, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасы инновациялық кластерге және Қорға осы Заңмен реттелмеген бөлігінде қолданылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 2-тармақ өзгертілді ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңымен (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ өзгертілді ҚР 27.12.2021 жылғы № 87-VII Заңымен (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Инновациялық кластер құрудың және оның жұмыс істеуінің мақсаты
3-бап өзгертілді ҚР 27.09.2025 жылғы № № 220-VIII Заңымен (15.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)