Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.03.2015
Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 5 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.02.2015 жылғы № 49 Қаулысына сәйкес
Редакция 26.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 13 және 14-тармақтарына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2014 жылғы 26 мамырдағы
 № 541 қаулысымен
 бекітілген
Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидалары
1. Осы Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 13 және 14-тармақтарына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес әзірленді және мыналарды айқындайды:
1) мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу тәртібі;
2) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларды жүргізу, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін, сондай-ақ қатар сметалық құнының ұлғаюы болжанатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу тәртібі;
3) бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларға қажетті сараптамаларды жүргізу және іріктеу тәртібі мен олардың мерзімі;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.09.2014 жылғы № 1029 Қаулысымен (26.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу тәртібі;
5) Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторинг және бағалау жүргізу тәртібі;
6) Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау жүргізу тәртібі.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бағалау (экономикалық сараптама барысында) – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде не бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінде көрсетілген ақпаратты сипаттайтын тұжырымдар; 
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі – ББӘ) – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган; 
Полная версия
ИС BestProfi