Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2017
«Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 475 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 23.12.2016 жылғы № 846 Қаулысына сәйкес
1. «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 188-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесінде :
«нысаналы технологиялық бағдарламалар (болған кезде) арқылы іске асырылатын дағдарысты технологиялардың тізбесін қоса алғанда, саланы (секторды) инновациялық-технологиялық дамытуды талдау. Сондай-ақ басқарушылық технологияларды жақсартуға және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге бағытталған қызметтің инновациялық құрауышы талданады;»;
«бағдарламаның міндеттері «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде көрсетілген проблемаларды шешу және тиісті саланы (секторды) инновациялық-технологиялық дамыту, сондай-ақ басқарушылық технологияларды жақсартуға және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге бағытталған қызметтің инновациялық құрауышының қажеттілігі ескеріле отырып айқындалатын мақсаттарға қол жеткізу жолдарын білдіреді;»;
«19. Салалық бағдарламаны оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және саланы инновациялық-технологиялық дамыту бөлігінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия