Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2015
Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2014 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 531 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.04.2015 жылғы № 234 Қаулысына сәйкес
         Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2014 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жылына екі рет, тиісінше 8 ақпанға және 8 тамызға қарай Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жылына екі рет, тиісінше 15 ақпанға және 15 тамызға қарай Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жылына екі рет, тиісінше 28 ақпанға және 28 тамызға қарай Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 190 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 190 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1177 қаулысы.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесіне жүктелсін. 
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К.Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2014 жылғы 22 мамырдағы
 № 531 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2014 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
Кіріспе
Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2014 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) Үкіметтің 2013 жылғы 11 қазандағы кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмалар ескеріле отырып әзірленді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылы жүргізілген жұмысты ескере отырып, Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын өзектілендіру бойынша жұмыс жүргізді.
2013 жылы Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – 2013 – 2015 жылдарға арналған жоспар) іс-шараларының басым бөлігін іске асыру мерзімдерінің аяқталуына байланысты «Мемлекеттік қаржы», «Фискалдық жүйе», «Бизнесті жүргізу шарттары» бағыттары оңтайландырылды.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша көлеңкелі экономиканың дамуын туындататын себеп-салдарлық байланыстардың жүйелік тәсілі мен неғұрлым тереңдетілген талдауы жоспарда көрініс тапқан.
Жоспардың іс-шаралары көлеңкелі экономика салдарын жоюға емес, экономикалық агенттердің өз өндірістік қызметін көлеңкеге алып кетуге итермелейтін себептердің алдын алуға және жолын кесуге де бағытталған.
Көлеңкелі экономиканың ағымдағы жағдайын талдау 
Полная версия
ИС BestProfi