Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2015
Әлеуметтік келісімшарт нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 178-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 мамырда № 9407 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 18 маусымнан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 10.04.2015 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдарды оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 24, 44-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдардың кәсіпкерлігін дамытуына мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 44-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу мен оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 53-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) біліктілігін арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына жіберу жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Халықты жұмыспен қамту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;
4) осы бұйрықты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 121 қаулысы қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 178-ө бұйрығына
1-қосымша
Біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына жіберу жөнінде мемлекеттік қолдау көрсету туралы Әлеуметтік келісімшарт
Полная версия
ИС BestProfi