Близость слов: Окончание:





«Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiлiп отырған Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекiтiлсiн. 
2. Осы қаулы 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жарияланғанға жатады.
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат ету қағидасы 
1. Осы Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат ету (бұдан әрі – Қағида) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағида Қазақстан Республикасының автомобильмен тасымалдаушыларына халықаралық автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат ету куәлігін және рұқсат ету карточкасын беру тәртібін айқындайды, олар мынадай автокөлік құралдарының иелері үшін міндетті:
1) Жүк автомобильдері (тіркемені қоса алғанда рұқсат етілетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан асатын);
2) Жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған мамандандырылған автомобильдер.
3. Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауға міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік құралдары жіберіледі.
4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия
ИС BestProfi