Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.03.2023
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 05 қаңтардағы № 7 Бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 ақпанда № 6774 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 26 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.03.2023 жылғы №36 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 08.10.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына сәйкес және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік, бақылау және кадр жұмысы департаментінің директоры (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің         
міндетін атқарушы                          Б. Садықов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 5 қаңтардағы
№ 7 бұйрығымен
бекітілген
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі жөніндегі ереже
Ереже өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 17.08.2013 жылғы № 479 Бұйрығымен (05.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.08.2014 жылы № 151 (28375) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.05.2018 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қоса алғандағы амбулаториялық-емханалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттейді.
2. Амбулаториялық-емханалық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және ақылы негізде медициналық қызмет көрсетуге мемлекеттік лицензиясы бар мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.
3. Амбулаториялық-емханалық көмек (бұдан әрі – АЕК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» есепке алу есеп беру құжаттамаларын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 907 бұйрығына (бұдан әрі – № 907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес жүргізеді.
4. АЕҰ негізгі мақсаты халық денсаулығын сақтау және нығайту, оның амбулаториялық-емханалық көмекке мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылады.
1) медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету;
2) халыққа дәрігерге дейінгі, білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету;
3) тұрғындардың сырқаттанушылығын, мүгедектігін және қайтыс болуын төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
Полная версия
ИС BestProfi