Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
 2014 жылғы 9 сәуірдегі
 № 243 бұйрығына
 4-қосымша
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 14 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 623 Бұйрығына сәйкес
1. «Азаматтық авиация орталығына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және әуе қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54-бабының 5-тармағы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан оқу орталығына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі авиация оқу орталығына сертификат (бұдан әрі - сертификат) беру болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз ретінде.
2. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініш пен өзге де құжаттарды беруі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің рәсімдері (іс-қимылдары):
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарын тіркеу журналында мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеп, оларды қызметті берушінің басшысына қарастыруға жібереді;
2) қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарап, оларды қызметті берушінің Авиация персоналына куәлiктер беруді ұйымдастыру және медицина жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарап, оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеу күнінен бастап 21 жұмыс күнінен асырмай қызметті алушының берген құжаттамасын қарастырады және екі жұмыс күнінен асырмай комиссияны құру күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қызметті алушының сертификатты тексерілуін жүргізетін қызметті алушыны сертификатты тексеру үшін комиссияны құру туралы қызметті алушының бұйрығын қабылдауды қамтамасыз етеді.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті алушының сертификатты тексерілуі аяқталған соң он жұмыс күнінен кешіктірмей қызметті алушыға қызметті алушының басшысына бекітілген сертификатты тексеру актін жіберіп, сертификатты тексеру актін бекіткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде сертификатты ресімдеу мен оған қызметті алушының басшысының қол қоюын қамтамасыз етеді.
Бас сарапшы (сарапшы) 15 минут ішінде қызметті алушының жеке келуі кезінде сертификатты береді.
7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажет қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды қызметті берушінің басшысына беру;
2) Басқарма басшысына қарастыру үшін қызметті беруші басшысының қарары;
Полная версия
ИС BestProfi