Близость слов: Окончание:





«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны 
2006 жылғы 13 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында қабылданған және 2008 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының атынан қол қойылған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция ратификациялансын.
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция 
Біріккен Ұлттар Ұйымына барлық мүше және бақылаушы мемлекеттердің қатысуы үшін ашық Арнайы комитет құру туралы қаулы қабылдаған өзінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы 56/168 қарарына  сілтеме жасай отырып  , мүгедектердің құқықтары мен қадір-қасиеттерін көтермелеу және қорғау туралы жан-жақты және бірыңғай халықаралық конвенцияға қатысты ұсыныстарды әлеуметтік даму, адам құқықтары және кемсітпеу саласындағы жұмысқа кешенді көзқарас негізінде және Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Әлеуметтік даму комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып қарау үшін,
сондай-ақ өзінің бұрынғы тиісті қарарларына, оның соңғысы 2005 жылғы 23 желтоқсандағы 60/232 қарарына, сондай-ақ Әлеуметтік даму комиссиясы мен Адам құқықтары жөніндегі комиссияның тиісті қарарларына  сілтеме жасай отырып,  
Арнайы комитеттің жұмысына үкіметаралық және ұлттық құқық қорғау мекемелерінің қосқан құнды үлесін  құптай отырып  ,
1. Арнайы комитетке Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның жобасын және оған факультативтік хаттаманың жобасын дайындағаны үшін  ризашылық білдіреді  ;
Полная версия
ИС BestProfi