Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015
Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 703 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 703 қаулысымен
бекітілген
Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары
1. Осы Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары
(бұдан әрі – Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке тұтынушыларға атаулы көмек (бұдан әрі – атаулы көмек) – жеке тұтынушылардың қазақстандық өндірушілерден жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін мемлекеттің өтеуі;
2) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушы (бұдан әрі – жеке тұтынушы) – орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз, электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке тұлға;
3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары – (бұдан әрі – ЖЭК қондырғылары) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар;
4) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) қазақстандық өндірушілер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және:
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында толық өндірілген ретінде айқындалатын тауарларды;
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған ретінде айқындалатын тауарларды өндіретін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
6) құрылымдық бөлімше – энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі іс-шараларға басшылықты және оларды іске асыруды жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі.
3. Мемлекет жеке тұтынушыларға осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызы мөлшерінде атаулы көмек береді. Атаулы көмек жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы пайдалануға берілгеннен кейін төленеді.
Полная версия
ИС BestProfi