1. «Жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт).
Внимание! Документ утратил силу с 28.06.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 138-НҚ бұйрығына 4-қосымша
«Жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 28 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.04.2015 жылғы № 355 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ереже
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электроныдық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат (бұдан әрі – стандарт).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлеккеттік қызмет көрсету рәсімдерін (іс-қимылдарын) бастаудың негізі көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес құжаттардың болуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау бөлімінің қызметкерімен құжаттарды қабылдау;
2) құжаттар топтамасын тапсырған уақыттан бастап 10 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді дайындау;
3) 5 минут ішінде ақпаратты басып шығарып және оған басшының қолын қою, мөрмен куаландыру;
4) ақпаратты беру.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) нәтижесі, ол келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттарды қабылдау;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді дайындау;
3) ақпаратты басып шығару және басшының қолын қою;
4) ақпаратты беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесін;
Полная версия