Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
 2014 жылғы 19 мамырдағы
 № 311 бұйрығына
 2-қосымша
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 14 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 622 Бұйрығына сәйкес
1. «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 47-бабының 2-тармағының және «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған) түрде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім (шешімнің телнұсқасын) (бұдан әрі – шешім, шешімнің телнұсқасы) беру болып есептеледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінде қызмет 
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) іс-әрекеті 
5. Қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып есептеледі. Қызметті алушы өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің ресімдері (әрекеттері):
1) қызмет берушінің кеңсесіндегі қызметкер 30 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын кіріс хат-хабарларды тіркеу журналына тіркейді және оларды қызмет берушінің басшысына жібереді;
2) қызмет берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды қызмет берушінің Ұшу жарамдылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алған күннен бастап сегіз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде және шешімнің телнұсқасын беру үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде олардың бекітілген талаптарға сәйкестігін қарайды, шешімді немесе шешімнің телнұсқасын ресімдейді және оған қол қою үшін қызмет берушінің басшысына жібереді;
5) қызмет берушінің басшысы шешімге (шешімнің телнұсқасына) қол қояды және оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жібереді;
6) қызметті алушы өзі келген жағдайда Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қызметті алушының қолын қойғызып, 15 минут ішінде шешімді (шешімнің телнұсқасын) береді.
Сертификаттың телнұсқасы мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алған күннен бастап күнтізбелік бес күннің ішінде беріледі.
7. Келесі ресімді (әрекетті) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі ресімнің (әрекеттің) нәтижесі:
Полная версия
ИС BestProfi