Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
 2014 жылғы 19 мамырдағы
 № 311 бұйрығына
 4-қосымша
«Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 14 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 622 Бұйрығына сәйкес
1. «Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 38-бабының 1-тармағының және «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген «Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған) түрде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат (бұдан әрі – сертификат) беру болып есептеледі.
     2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызмет берушінің   құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеті   тәртібінің сипаттамасы 
5. Қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып есептеледі. Қызметті алушы өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің ресімдері (әрекеттері):
1) қызмет берушінің кеңсесіндегі қызметкер 30 минут ішінде қызметті алушының өтінішін кіріс хат-хабарларды тіркеу журналына тіркейді және оларды қызмет берушінің басшысына жібереді;
2) қызмет берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде қызметті алушының өтінішін қарайды және оны қызмет берушінің Ұшу жарамдылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде қызметті алушының өтінішін қарайды және оны Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті алушының өтінішін алған күннен бастап жиырма сегіз жұмыс күннен аспайтын мерзімде оның айтылған талаптарға сәйкестігін қарайды, сертификатты рәсімдейді және оған қол қою үшін қызмет көрсетушінің басшысына жібереді;
5) қызмет көрсетушінің басшысы сертификатқа қол қояды және оны Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жібереді;
6) қызметті алушы өзі келген жағдайда Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) берілген сертификаттарды есепке алу және тіркеу журналына қызметті алушының қолын қойғызып, 15 минут ішінде сертификатты береді.
7. Келесі ресімді (әрекетті) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі ресімнің (әрекеттің) нәтижесі:
1) өтінішті қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды қызмет берушінің басшысына беру;
2) Басқарма басшысының қарауына берілетін қызмет беруші басшысының қарары;
3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшының) қарауына берілетін Басқарма басшысының қарары;
Полная версия
ИС BestProfi