1. «Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 47-бабының 2-тармағының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 14.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 311 бұйрығына 9-қосымша
«Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 14 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 622 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелері
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің үлгісі: қағаз және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған) түрде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын (сертификаттың телнұсқасын) (бұдан әрі – сертификат, сертификаттың телнұсқасы) беру болып есептеледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінде құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
5. Қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып есептеледі. Қызметті алушы өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің ресімдері (әрекеттері):
1) кеңсе қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын кіріс хат-хабарларды тіркеу журналына тіркейді және оларды қызмет берушінің басшысына жібереді;
2) қызмет берушінің басшысы күнтізбелік бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды қызмет берушінің Ұшу жарамдылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған көшірмесін құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормаларға сәйкестігін бағалау және пайдалану құжаттамасын сараптау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін аса жеңіл авиация әуе кемелерін тексеру бойынша тұрақты түрде жұмыс істейтін техникалық комиссияға (бұдан әрі – техникалық комиссия) береді;
Техникалық комиссия күнтізбелік 20 күн ішінде аса жеңіл авиация әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін бағалау және пайдалану құжаттамасын сараптау бойынша жұмыстарды жүргізгеннен кейін, оның нәтижесі бойынша аса жеңіл авиация әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі (бұдан әрі – Акт) түзіліп, Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жіберіледі, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) актіні қарап шығу үшін қызметті алушыға жібереді және сертификатты ресімдеуді және қол қоюды күнтүзбелік үш күн ішінде қамтамасыз етеді, сертификаттың телнұсқасын өтініш беруші еркін нысанда өтініш берген күнінен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде беріледі.
5) қызмет берушінің басшысы сертификатқа (сертификаттың телнұсқасына) қол қояды және оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жібереді;
6) қызметті алушы өзі келген жағдайда Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) берілген сертификаттарды (сертификаттардың телнұсқаларын) есепке алу және тіркеу журналына қызметті алушының қолын қойғызып, 15 минут ішінде сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) береді;
7. Келесі ресімді (әрекетті) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі ресімнің (әрекеттің) нәтижесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қызмет кберушінің кеңсесінде тіркеу және оларды қызмет берушінің басшысына беру;
2) Басқарма басшысының қарауына берілетін қызмет беруші басшысының қарары;
Полная версия