1. «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 60-бабының 1-тармағының және «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 16.02.2016
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 311 бұйрығына 12-қосымша
«Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2016 жылғы 16 ақпаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.12.2015 жылғы № 1182 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін үлгісі: қағаз және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған) түрде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру (куәлік телнұсқасын) (бұдан әрі - куәлік, куәлік телнұсқасы) беру болып табылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішін және қызметті алушының өзге де құжаттарын алу болып табылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімдері (іс-әрекеттер):
1) қызметті беруші кеңсенің қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын кіріс хат-хабарларды тіркеу журналына тіркейді және оларды қызметті берушінің басшысына жібереді;
2) қызметті берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды қызметті берушінің Ұшуды пайдалану басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде және куәліктің телнұсқасын алуға қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде оларды бекітілген талаптарға сәйкестігін қарайды, қызметті берушінің басшысы қол қойылған қызметті алушының сертификациялық тексеру жүргізу туралы шешімін қызметті алушына жібереді және сертификациялық тексеру жүргізу үшін комиссия құру туралы қызмет берушінің бұйрық шығаруын қамтамасыз етiледi;
5) қызметті берушінің комиссиясы қызметті алушыға күнтізбелік 5 (бес) күннен аспайтын мерзімде сертификаттық тексеру жүргізеді;
6) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті алушыға комиссия мүшелері қол қойған сертификаттық тексеру актісін (бұдан әрі - акт) жіберуді және күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде комиссияның сертификаттық тексеруді аяқтаған сәтінен бастап көрсетілетін сертификатты ресімдеуді және оған қызметті беруші басшысының қол қоюын қамтамасыз етеді;
7) Басқармасының бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде сертификатты (сертификаттың телнұсқасы) қызметті алушының жеке келуінде берілген сертификаттарды (сертификаттардың телнұсқасы) есепке алу және тіркеу журналында қолхатпен тапсырады.
Куәліктің телнұсқасы мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде беріледі.
7. Мынадай рәсімдерді (іс-әрекеттерді) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды қызметті берушінің басшысына тапсыру;
Полная версия