Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
 2014 жылғы 19 мамырдағы
 № 311 бұйрығына
 14-қосымша
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымға сертификат беру»  мемлекеттік қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 14 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 622 Бұйрығына сәйкес
1. «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымға сертификат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 48-бабының 4-тармағының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің үлгісі: қағаз және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған) түрде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымға сертификат беру (сертификаттың телнұсқасын) (бұдан әрі – сертификат, сертификаттың телнұсқасы) беру болып есептеледі.
     2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінде қызмет   берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)   іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы 
5. Қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып есептеледі. Қызметті алушы өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің ресімдері (әрекеттері):
1) кеңсе қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын кіріс хат-хабарларды тіркеу журналына тіркейді және оларды қызмет көрсетушінің басшысына жібереді;
2) қызмет берушінің басшысы күнтізбелік бір күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды қызмет берушінің Ұшу жарамдылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарының бекітілген талаптарға сәйкестігін қарайды, қызмет берушінің басшысы қол қойған шешімді қызметті алушыға жібереді, оның негізінде күнтізбелік қырық күн мерзімде қызмет көрсетушінің басшысының сертификаттық тексеру жүргізу туралы бұйрығының шығарылуын қамтамасыз етеді;
Сертификаттық тексеру аяқталғаннан кейін бас сарапшы (сарапшы) комиссия мүшелерімен келісілген және қызмет көрсетушінің басшысы не оның өкілетті тұлғасы бекіткен сертификаттық тексеру актісін қарап шығу үшін қызметті алушыға жібереді және актіге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде сертификатты ресімдейді және оған қол қою үшін қызмет берушінің басшысына жібереді;
5) қызмет берушінің басшысы сертификатқа (сертификаттың телнұсқасына) қол қояды және оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) жібереді;
6) қызметті алушы өзі келген жағдайда Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) берілген сертификаттарды (сертификаттардың телнұсқаларын) есепке алу және тіркеу журналына қызметті алушының қолын қойғызып, 15 минут ішінде сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) береді;
Сертификаттың телнұсқасы мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде беріледі.
7. Келесі ресімді (әрекетті) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі ресімнің (әрекеттің) нәтижесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды қызмет берушінің басшысына беру;
Полная версия
ИС BestProfi