Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексi
Құжат мәтініндегі «ақпараттық-коммуникациялық желілерді», «ақпараттық-коммуникациялық желі», «ақпараттық-коммуникациялық желіге», «ақпараттық-коммуникациялық желінің», «ақпарат­тық-коммуникациялық желімен», «ақпараттық-коммуни­кациялық желіде», «ақпараттық-коммуникациялық желілер» сөздері «телекоммуникациялар желілерін», «телекоммуникациялар желісі», «телекоммуникациялар желісіне», «телекоммуникациялар желісінің», «телекоммуникациялар желісімен», «телекоммуникациялар желісінде», «телекоммуникациялар желілері» сөздерімен; «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға», «ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға», «ұлттық электрондық ақпараттық ресурстардан» және «ұлттық ақпараттық жүйеге», «ұлттық ақпараттық жүйеден» сөздері «Мемле­кеттік электрондық ақпараттық ресурстарға», «мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға», «мемлекеттік элек­трондық ақпараттық ресурстардан» және «мемлекеттік орган­дардың ақпараттық жүйелеріне», «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен» сөздерімен ауыстырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңы бойынша (18.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Құжат мәтініндегі «АИТВ/ЖИТС» сөздері «АИТВ» сөздерімен ауыстырылды ҚР 28.12.2018 жылғы № 208-VІ Заңына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «қоршаған ортаға ірі», «қоршаған ортаға аса ірі», «қоршаған ортаға айтарлықтай», «Қоршаған ортаға ірі» және «Қоршаған ортаға аса ірі» деген сөздер тиісінше «ірі экологиялық», «аса ірі экологиялық», «айтарлықтай экологиялық», «Ірі экологиялық» және «Аса ірі экологиялық» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 03.10.2024 жылғы № 130-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 05.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы Қазақстан Республикасының осы Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске енгiзілгеннен кейiн ғана қолданылуға жатады.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады. Осы Кодекстің конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін нормалары заңдық күшін жояды және қолданылуға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының құрамдас бөлігі болып табылады.
1-бөлік өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII Заңымен (12.07.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республиканың заңнамасында айқындалады.
3-бөлік жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2018 жылғы № 205-VІ Заңына сәйкес (12.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Кодекстiң мiндеттерi: адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiн сақтау, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қандай қауiптi іс-әрекеттердің қылмыстық құқық бұзушылықтар, яғни қылмыстар немесе қылмыстық теріс қылықтар болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi.
3-бап. Осы Кодексте қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіру
Осы Кодексте қамтылған ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағыналары бар:
1) адамды қанау – кінәлі адамның мәжбүрлi еңбекті, басқа адамның жезөкшелiкпен айналысуын немесе ол көрсететiн сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді пайдалануы, адамды қайыршылықпен айналысуға, құқыққа қайшы қызмет жасауға мәжбүрлеуі немесе кiнәлi адамның адамға қатысты меншiк иесiнің кейбір немесе барлық өкiлеттiгiн жүзеге асыруына байланысты өзге де әрекеттер.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 111-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ескертпелер. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлі адамның мәжбүрлі еңбекті пайдалануы деп адам оны орындау үшiн өз қызметтерiн ерiктi түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру не қандай да бір жаза қолдану қатерін төндіру арқылы талап етiлетiн кез келген жұмыс немесе қызмет түсініледі.
Басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді кінәлі адамның пайдалануы деп кінәлі адамның алынған табыстарды немесе оның бөлігін иемденіп алу мақсатында, сол сияқты осы мақсатты көздемей, адамды жезөкшелікпен айналысуға немесе сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге мәжбүрлеуі түсініледі.
Адамды қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу деп басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлiктi сұрауға байланысты қоғамға жат іс-әрекет жасауға мәжбүрлеу түсініледі.
Кінәлі адамның құқыққа қайшы қызмет жасауға мәжбүрлеуі деп табыс немесе мүліктік сипаттағы пайда алу мақсатында адамды құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлеу түсініледі.
1-1) адам саудасына байланысты қылмыстар – осы Кодекстің 116, 125 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 126 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 128, 134, 135, 308 және 309-баптарында көзделген іс-әрекеттер;
3-бап 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 111-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 05.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) айтарлықтай залал және айтарлықтай мөлшер – 198 және 199-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын залал мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілері даналарының немесе өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетiстiктер немесе интегралдық микросхемалар топологиялары қамтылған тауарлардың құны; 202-бапта – айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомадағы залал; 214-бапта – құны екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарлар саны; 217-1-бапта – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал; 233-бапта – айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал; 269-1-бапта – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал; 325, 326, 328, 334, 335, 337 және 342-баптарда – экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні; 340-бапта – экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың елу айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні; өзге баптарда – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал мөлшері; 366 және 367-баптарда – елуден үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны;
2-тармақша өзгертілді ҚР 08.04.2016 жылғы № 489-V Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.04.2016 жылы № 67 (28795) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР 02.07.2021 жылғы № 62-VII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР 12.07.2022 жылғы № 139-VII Заңымен (11.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР 03.01.2023 жылғы № 186- VII Заңымен (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР 05.07.2024 жылғы № 111-VIII Заңымен (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi