«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015
Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 680 Қаулысына сәйкес «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 жылғы № 4-1/167 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 қаулысымен бекітілген
Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына шығындардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және соның шегінде (бұдан әрі — бюджеттік субсидиялар) шитті мақта мен мақта талшығының сапасын сараптау құнын өтеуге субсидия төлеу тәртібін айқындайды.
2. Бюджеттік субсидиялар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес мына бағыттар бойынша бөлінеді:
1) мақта иелеріне мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптау құнын толық өтеу;
2) мақта иелеріне мақта талшығының сапасын сараптау құнын толық өтеу.
3. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Шитті мақтаның және мақта талшығының сапасын сараптау құны өтелінетін мақта иелерінің тізімін анықтау үшін облыс әкімінің шешімімен құрамына облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі - басқарма), агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның аумақтық инспекцияның, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
Басқарма ВАК-тың жұмысшы органы болып табылады.
5. Басқарма бюджеттік субсидиялар алу үшін құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күнін белгілейді, облыс әкімдігінің интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарда құжаттарды қабылдаудың басталуы және аяқталуы туралы хабарландыруды және басқа да қажетті мәліметтерді орналастырады.
6. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісім бойынша шитті мақтаның бір сынамасын сараптау құны мен мақта талшығының бір сынамасын сараптау құны белгіленеді.
7. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру құқығына аккредиттелген шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі зертханалар (орталықтар) шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушілер болып табылады.
Қызметті көрсетуші шитті мақта сапасының сараптамасы жөніндегі көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 868 қаулысымен бекітілген Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларына сәйкес жүргізеді.
Полная версия