Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2016
Пошта туралы 
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 386 Заңы
Тақырыптағы және құжат мәтініндегі «почта», «Почта» «Почта», «почта», «почталық», «почтаның» сөздері «Пошта», «пошта», «пошталық», «поштаның» сөздерімен; «баршаға қолжетiмдi почта байланысы қызметiн», «почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi», «Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметiн», «Почта байланысының баршаға қол жетiмдi қызмет көрсетуiнiң», «Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi» сөздері «пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін», «пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері», «Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін», «Пошта байланы­сының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің», «Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2014 жылғы № 230-V Заңы бойынша (10.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заң күшін жойды 2016 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР 09.04.2016 жылғы № 498-V Заңына сәйкес
Редакция 09.04.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң пошта қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта байланысы саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн белгілейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 30.06.2010 жылғы № 297-IV Заңымен (13.02.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 07.07.2006 жылғы № 178 Заңымен (10.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 13.02.2009 жылғы № 135-IV Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 230-V Заңымен (10.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонементтік жәшiк – пошта жөнелтілімдерiнiң жекелеген түрлерiн алуға арналған, пошта операторының өндiрiстiк объектiлерiнде орнатылатын, адресаттар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пайдаланатын құлыпталатын арнайы жәшiк;
2) абоненттiк пошта жәшiгi – адресаттар пошта жөнелтілімдерiн алуы үшiн тұрғын үйлерде, сондай-ақ ауылдық жерлердегi жеткiзу учаскесінде орнатылатын, жәшiктерi бар құлыпталатын арнайы шкаф;
3) адресат – өзіне пошта жөнелтілімi немесе пошталық ақша аударымы бағытталған, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы;
4) атаулы зат – құжаттар мен пошта жөнелтілімдерiне пошта операторының, оның өндiрiстiк объектiсiнiң атауы, сондай-ақ пошта операторы айқындаған өзге де ақпарат көрсетілген бедерлерді салуға арналған құрылғы;
5) Дүниежүзілік пошта одағы – халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өзара алмасу үшін аумақтары біртұтас пошта аумағын құрайтын мүше мемлекеттерден тұратын, мақсаты пошта байланыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету және осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатын халықаралық ұйым;
6) Дүниежүзілік пошта одағының актілері – Дүниежүзілік пошта одағының Конгресінде Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына сәйкес қабылданатын құжаттар;
7) жазбаша хат-хабар – хаттар, пошта карточкалары, бандерольдер және ұсақ пакеттер;
8) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабар – Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес ресімделген, жөнелтуші алдын ала ақы төлеген қайтарылатын пошта жөнелтілімін қамтитын пошта жөнелтілімі;
9) жедел поштаның көрсетілетiн қызметтері – пошта байланысының пошта жөнелтілімдерiн жедел өңдеу, тасымалдау, жеткiзу және (немесе) табыс ету режимiндегi көрсетілетін қызметтері;
10) жөнелтушi – пошта жөнелтілімiн немесе пошталық ақша аударымын жiберу үшiн оларды пошта операторына тапсыратын, пошта операторының көрсетілетiн қызметтерін пайдаланушы;
11) курьерлiк поштаның көрсетілетін қызметтері – пошта байланысының курьердi пайдалана отырып, пошта жөнелтілімдерiн тасымалдау және табыс ету бойынша көрсетілетiн қызметтері;
12) қаржы қызметi және қаржылық көрсетілетiн қызметтер – Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы нарығында жүзеге асыратын және ұсынатын қызмет пен көрсетілетiн қызметтер;
13) мерзiмдi баспасөз басылымдарын жазылу бойынша тарату – мерзiмдi баспасөз басылымдарын пайдаланушыға жеткiзуге және (немесе) табыс етуге бағытталған, оларға жазылуды қабылдау, тапсырыстарды жинау, жасақтау, өңдеу жөнiнде пошта операторы, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иесi немесе оның уәкілеттi тұлғасы мен пайдаланушы арасындағы өзара iс-қимыл;
14) операциялық күн – пошта операторының пошталық көрсетілетiн қызметтерді ұсынатын жұмыс уақыты;
15) операциялық терезе – пошта операторының өндiрiстiк объектiсiндегi пайдаланушыға пошталық көрсетілетiн қызметтердің бiр және одан көп түрi ұсынылатын жұмыс орны;
Полная версия
ИС BestProfi