Близость слов: Окончание:





Дене шынықтыру және спорт туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Заңы
Осы Заңның орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермеді ҚР 11.07.2017 жылғы № 91-VI Заңына сәйкес
Редакция 27.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ардагер спортшы – спорттық мансабын аяқтаған жоғары дәрежедегі спортшы;
1-1) арнаулы спорттық мүкәммал – жаттығу және жарыс әрекетінің қажетті құрамдасын білдіретін, мүгедектігі бар спортшы организмінің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын спорттық мүкәммал;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.06.2017 жылғы № 80-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) әуесқой спорт – жеке адамдарға спорттық шеберлiгiн жетiлдiруге және әртүрлі спорт түрiнде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкiндiк беретiн бұқаралық спорт қозғалысы;
2-1) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциясы – жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы немесе дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы өткізетін, тұрақты негізде ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға және спорттық қабілеттерін дамытуға арналған сабақ;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 395-VI Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2021 жылдан бастап)
3) бейімдік дене шынықтыру және спорт – мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға және қалыпты әлеуметтік ортаға бейімдеуге, олардың толыққанды өмірді сезінуіне кедергі келтіретін психологиялық тосқауылдарды еңсеруіне, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік дамуына өзінің жеке үлес қосуының қажеттігін сезінуіне бағытталған спорттық-сауықтыру сипатындағы шаралар кешені;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) бұқаралық спорт – халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін спорт қозғалысы;
5) бірыңғай спорттық сыныптама – спортшылардың, жаттықтырушылардың шеберлiк деңгейiн немесе жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, спорт төрешiлерінiң, нұсқаушы-спортшылардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскерлердің бiлiктiлiгін айқындайтын спортшылардың спорттық атақтары, разрядтары, жаттықтырушының спорттық атағы, жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, спорт төрешiлерінiң, нұсқаушы-спортшылардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскерлердің біліктілік санаттары жүйесi;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.12.2019 жылғы № 280-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1) бірінші жаттықтырушы – жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлаудың бастапқы (ерте) кезеңдерінде спортшыны даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.12.2019 жылғы № 280-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-2) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері – дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрігерлік бақылауға, емдік дене шынықтыруға және оңалтуға арналған спорттық медицина ұйымы
1-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 395-VI Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) дене тәрбиесi – денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген өскелең ұрпақты қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процесс;
7) дене шынықтыру – мәдениеттiң құрамдас бөлiгi, адамның дене бітімін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, дене тәрбиесі мен дене бітімін дамыту арқылы оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және саламатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік бейімдеу мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын рухани және материалдық құндылықтар жиынтығын білдіретін әлеуметтiк қызмет саласы;
8) дене шынықтыру даярлығы – адамның дене шынығуы қасиеттерін тәрбиелеуге және функционалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған педагогикалық процесс;
9) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскер (бұдан әрi – әдiскер) – кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін әдiстемелiк қамтамасыз етудi және оған басшылық жасауды, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыратын жеке адам;
9-1) дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы – кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін практикалық қамтамасыз етуді, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде бейімдік дене шынықтыруды және спортты жүргізуді жүзеге асыратын жеке тұлға;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 395-VI Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi