1. «Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
«Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2015 жылғы № 4-3/423 Бұйрығын қараңыз
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – тиісті жылғы 1 (бірінші) желтоқсанға дейін;
2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті беруші белгілеген өтінім қабылдаудың басталу және аяқталу күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмді және нөмiрiн көрсете отырып, банктiк шоттың бар болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасын бір данада ұсынады.
Дәндi дақылдарды (күрiштен, дәндiк жүгерiден басқа) өндiрумен айналысатын көрсетілетін қызметті алушылар субсидияларды алушылардың тiзiмiне қосу үшiн қосымша:
1) субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімде:
аттестатталған тұқым өндiрушiлер немесе өткiзушiлер берген, егіске пайдаланылған тұқымдардың сорттық және егістік сапаларын растайтын (тұқымға аттестат не тұқымға куәлiк (тұқым сатып алынған жағдайда), ал егіс үшiн өз өндiрісінің тұқымдарын пайдаланған жағдайда – тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi аттестатталған зертханалар берген тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк және сорттық егістерді байқаудан өткізу актісі) құжаттардың бар болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзiлiмiне енгiзiлген және (немесе) перспективалы деп танылған сорттардың үшiншi репродукциясынан төмен емес тұқымдар себiлген алаңдар ғана субсидиялауға жатады;
Полная версия