Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 28 маусымдағы
№ 725 қаулысымен
бекітілген
«Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 680 Қаулысына сәйкес
«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.04.2015 жылғы № 4-1/379 Бұйрығын қараңыз
1. «Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – тиісті жылғы 1 (бірінші) желтоқсанға дейін;
2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өсірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуға және оларды ағымдағы жылы өсіруге бюджеттік субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидияларды алуға өтінім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың екінші және кейінгі кезеңдеріне қатысу үшін бөлімге тоқсан сайын жүргізілген жұмыстарды және (немесе) сатып алынған шығыс материалдарын растайтын құжаттардың көшірмелерін қосымша береді.
Алдыңғы жылдары бюджеттік субсидия алған көретілетін қызметті алушы жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерінің екінші вегетациясын (аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырғызылғандар үшін), екінші-үшінші вегетациясын (жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін), екінші-үшінші-төртінші вегетациясын (республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2010 – 2012 жылдары дәстүрлі технология бойынша отырығызылғандар үшін), отырғызылуы республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылған екіншіден бастап жетінші вегетацияны (алманың «Апорт» сорты бойынша) қоса өсіру (күту) бойынша бюджеттік субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидияларды алуға өтінім және көрсетілетін қызметті беруші бекіткен нысан бойынша алдыңғы жылдарда алынған бюджеттік субсидиялардың нысаналы және тиімді пайдаланылуы туралы есеп береді.
Көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың екінші және кейінгі кезеңдеріне қатысу үшін бөлімге тоқсан сайын екпелерді күтіп өсіру бойынша жүргізілген жұмыстарды және сатып алынған шығыс материалдарын растайтын құжаттардың көшірмелерін қосымша ұсынады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi