Близость слов: Окончание:





Редакция 21.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУ ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАЙТЫН ЗАҢНАМАСЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негізделеді және осы Кодекстен, жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу тәртібі мен шарттарын белгілейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу тәртібі мен шарттарын белгілейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеулер, егер заңда бұл көзделмеген болса, белгілене алмайды.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың осы Кодекстің алдында басымдығы бар және халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының кеңiстiк пен уақыт тұрғысынан қолданылуы
1. Өздеріне қатысты жазалар немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын сотталғандарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы қолданылады.
2. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу, сотталғандарға түзеу құралдарын қолдану, сондай-ақ босатылатын сотталғандарға көмек көрсету оларды орындау кезінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-бап. Осы Кодексте қамтылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру
Осы Кодексте қамтылатын ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:
1) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) жазаны орындайтын органдар – қамаққа алу түріндегі жазаны, сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар;
3-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) жазаны өтеу режимі – осы Кодексте және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген жазаларды орындау және өтеу тәртібі;
3) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган – қылмыстық-атқару қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі (бұдан әрі – қылмыстық-атқару жүйесі) – қылмыстық жазалардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушылық және өкiмдік функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер, сондай-ақ көрсетілген органдар мен мекемелердiң жұмыс істеуін қамтамасыз ететiн ұйымдар жүйесi;
5) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесі (бұдан әрі – мекеме) – бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындауға арналған мемлекеттік мекеме;
5-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2021 № 89-VII Заңымен (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi