Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2016
«Аспап жасау» кәсіби стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 5 мамырда № 9392 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 жылғы № 308 Бұйрығына сәйкес
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова 20__жылғы 31 наурыз
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 74 бұйрығымен бекітілді
«Аспап жасау» кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Аспап жасау» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) кәсіби қызмет саласындағы қызметкерлердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, біліктілігіне және құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды және:
1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілеуге;
2) қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
Полная версия