Близость слов: Окончание:





«Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, табиғи монополия субъектісінің мүлікті жалға алуға, табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына келісім беру туралы өтініштер беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, табиғи монополия субъектісінің мүлікті жалға алуға, табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына келісім беру туралы өтініштер беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 18-1-бабының 2-тармағына БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, табиғи монополия субъектісінің мүлікті жалға алуға, табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына келісім беру туралы өтініштер беру және оны қарау қағидалары бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.  
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Жапсарбай):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.  
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.  
3) көшірме қағаз және электронды түрінде күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде ресми жариялау үшін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдансын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Р.Н. Ахметовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi