Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 07.08.2017
"Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2014 жылғы 17 ақпандағы № 96 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 785 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.08.2017 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2014 жылғы 17 ақпандағы № 96 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
1) көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі комиссия туралы ережеде:
«8. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының жұмыс жоспары және оның күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.»;
9. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттаманы ресімдейді.»;
«14. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде төраға мен хатшы қол қоятын хаттама жасалады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу, не себептерін негіздей отырып келіспеу туралы жауапты жібереді.
15. Дауыс беру парақтарымен қоса, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 785 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 96 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі (келісім бойынша)
Полная версия