Близость слов: Окончание:





«Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін  бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 6661 сараптамалық қорытындысы 
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті
2014 жылғы 12 маусымдағы  
№ 16-02-22/527-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ  ҚОРЫТЫНДЫ   
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін  бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары» (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің  2014 жылғы 5 маусымдағы № 204-Ө бұйрығымен  балықтың қайда ауланғаны  туралы анықтама бекітілді. Осыған орай, Қағиданың 12-тармағының 5-тармақшасында «отандық» уылдырық анықтамасын келесі редакцияда жазуды ұсынамыз:
отандық– табиғи су айдындарында ауланған балықтардан (жабайы) алынған уылдырық, жануарлар дүниесін пайдалануға берілген 	рұқсаттың көшірмесін және мәлімделген уылдырық өндірілген бекіре тұқымдас балық түрлерін аулаудың заңдылығын растайтын анықтама көшірмесін ұсыну қажет.
Агроөнеркәсіптік кешен комитеті Хатшылығының  хатшысы Б. Касенов
Полная версия
ИС BestProfi