Близость слов: Окончание:





«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 57-Ө бұйрығына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 57-Ө бұйрығына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексі 14-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 140-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, 149 және 150-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1..«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 57-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5689 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2009 ж., № 9, 351-құжат) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Қалпына келтіру жобасы жобаны әзірлеуге берілген тапсырма, қалпына келтіруге жататын бүлінген жерлерді зерттеу актісі және іздестіру материалдары негізінде әзірленеді.»;
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:  
«21-1. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы мыналарды қамтуы тиіс:  
технологиялық және инженерлік шешімдердің негіздемелерімен бірге түсіндірме хатын;
қалпына келтіруге жататын бүлінген жерлерді зерттеу актісін;  
бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеуге тапсырма;
техникалық-экономикалық көрсеткіштерді;
2..Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер қатынастары және геодезия саласын реттеу департаменті (Г.А. Бимендина):  
1).осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
2).Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3..Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
4..Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 57-Ө бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің  «____»__________№_____бұрығына негіздемелік анықтама
 

р/с

Көрсетілуі тиіс мәліметтер тізімі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік-құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

2.

Нормативтік-құқықтық актінің тиісті

нормасына сілтемесі бар нормативтік-құқықтық актінің қабылдануын негіздеу (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасының Жер кодексі 14-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 140-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, 149 және 150-баптары

3.

Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау қажеттігін негіздеу (нақты мақсат, себептері және акті неге байланысы қабылданды)

Жер заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік-құқықтық актілер және оларды өзгерту мен толықтыру немесе нормативтік-құқықтық актінің қабылдануына байланысты олардың жойлды деп тану туралы ұсыныстар әзерлеу бойынша мәліметтер

« Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 57-Ө бұйрығы



5.

Осы мәселеге қатысты бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден өткізуге қабылданбаған немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы 778-ші қаулысымен бекітілген нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесінің 17 тармағының талаптарын ескере отырып олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетілген занды сараптама жүргізілместен қайтарылған нормативтік-құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік-құқықтық акті республикалық немесе жергілікті бюджет шығындарын көбейтуді немесе түсімін қысқартуды қарастыра ма

Қарастырмайды

7.

Нормативтік-құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Жоқ

8.

Жеке кәсіпкерлердің мүддесін қозғайтын нормативтік-құқықтық акті жобаларының интернет-ресурстарды қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны (таратылғаны) туралы ақпараттар

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің www . minregion . gov . kz интернет- ресурсында орналастырылған

9.

Кәсіпкерлердің сараптамалық қорытындыны тапсырмаған акрредиттелген бірлестіктерінің тізімі (Жеке кәсіпкерлердің мүддесін қозғайтын нормативтік-құқықтық актлерге қатысты)

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды

Әділет департаментінің директоры Э. Ибраева  
«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 57-Ө бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2014 жылғы «____»__________ №_____бұйрығына салыстырмалы кесте
 



р/с

Құрылымдық элементтің атауы



Қолданыстағы редакция



Ұсынылып отырған

редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

1

19 -тармақ .

19. Қалпына келтіру жобасы жобаны әзірлеу мен іздестіру материалдарына берілген тапсырмалар негізінде әзірленеді.



19. Қалпына келтіру жобасы жобаны әзірлеуге берілген тапсырма, қалпына келтіруге жататын бүлінген жерлерді зерттеу актісі және іздестіру материалдары негізінде әзірленеді

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын құру үшін бастапқы деректерден тұратын қажетті құжаттармен толықтыру

2

21-1 -тармақ .

жоқ

21-1. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы мыналарды қамтуы тиіс:

титул парағын;

құжаттар тізімін (жобаның мазмұны);

технологиялық және инженерлік шешімдердің негіздемелерімен бірге түсіндірме хатын;

қалпына келтіруге жататын бүлінген жерлерді зерттеу актісін;

бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеуге тапсырма;

іздестіру материалдарын;

техникалық-экономикалық көрсеткіштерді;

жобалау бөлімі;

сметалық бөлім;

сызбалар.

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасының құрамына енгізілуі тиіс құжаттардың құрамын нақты регламентациясы үшін

Полная версия
ИС BestProfi