Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.04.2013 жылғы № 374 Қаулысымен (09.08.2011 ж редакцияны қараңыз)
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.03.2014 жылғы № 198 Қаулысымен (18.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.07.2014 жылғы № 813 Қаулысымен (05.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.07.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.02.2015 жылғы № 46 Қаулысымен (21.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.03.2015 жылы № 43(28521)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағида жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1174 Қаулысына сәйкес (10.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.01.2016 жылы № 17 (28749) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елде дипломатиялық қызмет органдарына бекітілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару жағдайларын қоспағанда, жекешелендіру объектілерін аукцион мен тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурс, мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату нысанындағы сауда-саттықта сату тәртібін реттейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.04.2021 жылғы № 247 Қаулысына сәйкес (05.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2022 жылғы № 1133 Қаулысына сәйкес (16.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.09.2025 жылғы № 730 Қаулысына сәйкес (26.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.04.2021 жылғы № 247 Қаулысына сәйкес (05.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 924 Қаулысымен (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.04.2021 жылғы № 247 Қаулысына сәйкес (05.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.10.2024 жылғы № 890 Қаулысымен (27.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.09.2025 жылғы № 730 Қаулысына сәйкес (26.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ағымдағы баға – жекешелендіру объектісінің бағаны көтеру аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы немесе бағаны төмендету аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын жарияланған баға;
2) алғашқы баға – жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы берген есептің негізінде айқындалатын және қайсысының ең жоғары болатынына байланысты баланстық құн не бағалау құны мөлшерінде мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін жекешелендіру объектісінің бағасы;
3) аукцион – тізілімнің веб-порталын пайдалану арқылы электрондық форматта өткізілетін сауда-саттықтың қатысушылар өз ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін нысаны;
5) аукцион нөмірі – Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде қатысушыға аукционға, тендерге қатысу үшін берілетін нөмір;
6) әлеуетті сатып алушының (ие болушының) үлестес тұлғасы – осы әлеуетті сатып алушының (ие болушының) шешімдерін айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімге, оның ішінде жазбаша түрде жасалған мәмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті сатып алушының (ие болушының) осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
8) екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурс – конкурс жеңімпазын сатушы тәуелсіз консультанттардың қатысуымен кезең-кезеңімен келіссөздер жүргізу арқылы айқындайтын сауда-саттық нысаны;