Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 шілдедегі № 795 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативінде:
реттік нөмірлері 19, 20-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
19 | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны: |
|
|
|
|
|
| 100-ге дейін |
|
| 1*********** | 3000-нан көп емес | *** |
| 100-ден 200-ге дейін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы** ведомстволарына көлік қызметін көрсету |
|
| 2 | 3000-нан көп емес |
*** |
20 | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасын, сондай-ақ, арнайы көлігі барларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) ведомстволарына көлік қызметін көрсету |
|
| 1*********** | 3000-нан көп емес | *** |
»;
көрсетілген нормативке ескертпелер мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«*********** Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің аудандық қазынашылық басқармаларына көлік қызметін көрсету үшін көзделген автомобильдер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің теңгерімінде.»;
2) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі * | |||
Жедел | Банктермен және қазынашылық бөлімшелерімен жедел жұмыс үшін | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті | 1 |
Облыстар бойынша қазынашылық департаменттері: |
| ||
Ақмола | 2 | ||
Ақтөбе* | 2* | ||
Алматы | 2 | ||
Атырау | 1 | ||
Шығыс Қазақстан | 2 | ||
Жамбыл | 1 | ||
Батыс Қазақстан | 2 | ||
Қарағанды | 2 | ||
Қостанай | 2 | ||
Қызылорда | 1 | ||
Маңғыстау | 1 | ||
Павлодар | 2 | ||
Солтүстік Қазақстан | 2 | ||
Оңтүстік Қазақстан | 2 | ||
Астана қаласы бойынша | 2 | ||
Алматы қаласы бойынша | 2 | ||
Жедел | Салық төлеушілерге салықтық тексерулер жүргізу, банктермен өзара іс-қимыл жасау үшін | Облыстар бойынша салық департаменттері* | 3* |
Астана қаласы бойынша Салық департаменті | 2 | ||
Алматы қаласы бойынша Салық департаменті | 3 | ||
Қалалар бойынша салық басқармалары* | 2* | ||
Аудандар бойынша салық басқармалары * | 2* | ||
Кедендік бақылау комитеті | |||
Жедел | Жедел және алдын алу жұмысы үшін | Кедендік бақылау комитеті | 2 |
Облыстар бойынша кедендік бақылау департаменттері* | 4* | ||
Кедендер | 3 | ||
Кеден бекеттері* | 2* |
»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе:
* мына: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментіне; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық бөлімшелеріне; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті мен Ақтөбе облысының аумағында орналасқан кеден бекеттеріне, жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жұмылдырылған автокөліктен басқа, көлік қызметін көрсету үшін көзделген арнайы көлік құралдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің теңгерімінде.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр К. Мәсімов