Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2015
Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 шілдедегі № 801 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес
"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидалары бекітілсін.
1) "Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 542 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 248-құжат):
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 36-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат):
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 19 шілдедегі
 № 801 қаулысымен
 бекітілген
Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидалары
1. Осы Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидалары дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттердің алдын алу және сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
3. Өрттерді байқаған кезде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік өртке қарсы қызметке хабарлайды және өрттерді сөндіруге өртке қарсы ерікті құралымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларына сәйкес құрылған өрт сөндіру бекеттерінің күштері мен құралдарын тартуды ұйымдастырады.
4. Ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәрітбі мен оларды өрт орнына жеткізу тәсілін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша өртке қарсы ерікті құралымның басшысы айқындайды.
5.  Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің күштері мен құралдары келгенге дейін жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақта:
1) өрттер туралы барлық келіп түсетін ақпаратты жедел тексеруді және жинауды қамтамасыз етеді;
2) шыққан өрттер, олардың ықтимал таралуы туралы халықты уақтылы хабардар етуді, сондай-ақ олардың салдарын шектеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды жүзеге асырады;
3) өрт орнындағы жағдайдың барлық өзгерістері туралы жақын орналасқан мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін уақтылы жедел хабардар етуді қамтамасыз етеді;
4) өрттерді сөндіру бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері өртке келгенде өрт сөндіруге басшылық ету өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымды адамына жүктеледі.
7. Өрттерді сөндіру кезінде жергілікті атқарушы органдар тартылатын күштер мен құралдарын меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жанар-жағармай материалдарымен, тамақ өнімдерімен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.
8. Өрттердің алдын алуда және жоюда келісілген іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын, сондай-ақ тиісті аумақтарда дала өрттері туындаған жағдайда жер пайдаланушыларымен бірлескен іс-қимыл жасау жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
Полная версия
ИС BestProfi