Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 07.03.2016
"Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін қылмыстық-атқару жүйесінің органдары сатып алатын түзеу мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ оларды өндіретін, орындайтын, көрсететін түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 811 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 7 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 18.02.2016 жылғы № 79 Қаулысына сәйкес
1. «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін қылмыстық-атқару жүйесінің органдары сатып алатын түзеу мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ оларды өндіретін, орындайтын, көрсететін түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін, олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемінде:
нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8 | Сүт, сүт өнімдері | тонна | 900 |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 276, 277, 278-жолдармен толықтырылсын:
«
276 | Дезинфекциялау құралдары | литр | 600000 |
277 | Шырындардың ассортименті | литр | 200000 |
278 | Кеңсе қағазы | кг | 100000 |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия