Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ақпараттық есепке алу құжаттар нысанын және «Уәкілетті прокурордың құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау бойынша жұмысы туралы» № 9 нысанды есепті бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 64 бұйрығы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылығын қадағалау бойынша уәкілетті прокурордың жұмысы туралы есептілікті автоматтандыру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Уәкілетті прокурордың құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау бойынша жұмысы туралы» № 9 нысанды есеп;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Уәкілетті прокурордың құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау бойынша жұмысы туралы» № 9 нысанды ақпараттық есепке алу құжат (әрі қарай - АЕҚ) және оған қосымша;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ББСЖ ААЖ) № 9 нысанды ақпараттық есепке алу құжатын толтыру жөніндегі және «Уәкілетті прокурордың құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау бойынша жұмысы туралы» № 9 нысанды есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет (бұдан әрі - Комитет):
1) ББСЖ ААЖ ақпараттық есепке алу құжаттарды енгізуді қамтамасыз етілсін;
2) Комитеттің ББСЖ ААЖ АЕҚ енгізу үшін жедел қызметкерлердің ішінен жауапты тұлға айқындалсын;
3) енгізілетін деректердің толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етілсін;
4) аумақтық басқармаларының жедел қызметкерлеріне (тізім бойынша) логин мен парольдер ұсынсын.
2. Комитеттің аумақтық басқармаларының бастықтары:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен Комитетке онкүндік мерзімде логин мен парольдерді алу үшін жедел қызметкерлердің тізімін ұсынсын;
2) рұқсат берілмеген логиндер мен парольдерді пайдалануға жол бермеу бойынша шаралар қабылдасын;
3) техникалық себептерге байланысты ББСЖ ААЖ АЕҚ енгізу мүмкіндігі болмаған жағдайда Комитетке хабарласын;
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 64 бұйрығына 1 қосымшасы
«Уәкілетті прокурордың құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау бойынша жұмысы туралы» № 9 нысанды есеп
Полная версия
ИС BestProfi