Близость слов: Окончание:





««Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 және «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» және 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 және «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» және 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында:
30, 31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Шетелдік қызметкерлер функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша және шетелдік қызметкерді (қызметкерлерді) жіберу көзделген бірліктің қабылдаушы уәкілетті органынның (бұдан әрі – қабылдаушы уәкілетті орган) келісімі бойынша шетелдік жұмыс күшін екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартуға рұқсатты береді немесе ұзартады.
Екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын рұқсатты беруге немесе ұзартуға келісім алу үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің құжаттарын алдын ала қарау кезеңінде қабылдаушы уәкілетті органға жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған шартты, келісімшартты қоса отырып, рұқсат берудің немесе ұзартудың жазбаша негіздемесін мезгілі үш жұмыс күні ішінде жібереді.
Қабылдаушы уәкілетті орган оның әкімшілік-аумақтық бірлігінде қолданылатын рұқсатты беру немесе ұзарту негіздемесін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келісу немесе келісуден бас тарту туралы хат жібереді.
Уәкілетті орган екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан шетелдік қызметкерлер туралы ақпаратты, әр квартал сайын еңбек жөніндегі уәкілетті органға ескертеді.
31. Жұмыс берушінің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттарында, келісімшарттарында шарттың, келісімшарттың басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарында қолданылуы көрсетілмеген жағдайда, қабылдаушы уәкілетті орган екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беруге келісім беруден бас тартады.
32. Екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдаушы уәкілетті органның келісу немесе келісуден бас тарту туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
33. Бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қолданылатын рұқсатты алған жұмыс беруші оны екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолдану туралы өтініш берген жағдайда уәкілетті орган қабылдаушы уәкілетті органның келісу туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеуді жүзеге асырады.
Бастапқыда берілген рұқсат уәкілетті органға қайтарылуы тиіс.;
36-тармақтың 5)-тармақша алынып тасталсын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы  № 217 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысында («Егемен Қазақстан» 15 мамырда 2014 жылы № 94 (28318); «Казахстанская правда» от 15 мамырда 2014 жылы  № 94 (27715); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 18-19, 145-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақтың он жетінші абзацындағы 6)-тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                 К. Мәсімов
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45  және «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» және 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Р/с№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 

2

Жобаны қабылдау қажеттiгiнiң негiздемесi

     Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты, екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарынан рұқсат беруді немесе ұзартуды келісудің тәртібін жетілдіру қажет.

     «Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік қызметі 2013 жылдың                    1 қарашасынан бастап «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.

     Рұқсат белгіленген формада ресми бланкіде немесе электронды түрде берілетін болғандықтан, рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсыну қажеттігі жоқ.

 

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

     Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкелмейді, ол қолданылатын екі және одан көп өңірлерде рұқсат беру мәселесіндегі проблемаларды жоюға мүмкіндік береді.

 

4

Жобаны iске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

 

     Көзделмейді

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтiлетiн нәтижелердiң мерзiмдерi мен болжанатын тиiмдiлiгi

     Нақты мақсаттар:

1) екі және одан көп өңірлерде қолданылатын рұқсат беру мәселесіндегі проблемаларды жою;

2) Осындай рұқсаттарды беру рәсімін Қазақстан Республикасы Конституциясының талабымен сәйкес келтіру.

 

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттiң және/немесе Үкiметтiң бұрын қабылданған актілері және олардың iске асырылу нәтижелерi туралы мәлiметтер

 

     Қабылданған жоқ

7

3аңнаманы кейiннен жобаға сәйкес келтiру қажеттiгi

 

     Талап етілмейді

8

Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргiзiлген жағдайда оның нәтижелерi

 

     Жүргізілген жоқ

9

Өзге де мәліметтер

     Жоқ

 

10

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру

 

     Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

     Қаулы жобасы:

     1) 2014 жылғы 25 шілдеде www.enbek.gov.kz веб-сайтына;

     2) 2014 жылғы 25 шілдеде мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастырылған.

 

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

 «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы                  19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 және «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» және 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысының жобасы баспасөз релизі               2014 жылғы 25 шілдеде www.enbek.gov.kz веб-сайтына орналастырылған.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі	Т. Дүйсенова


2014 жылғы «___» ___________
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836  өзгеріс енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  13 қаңтардағы № 45 және «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»  және 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасына  САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

Құрылымдық элементтің

атауы

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме.

Тапсырмаларға сілтемелерден басқа:

1) түзетудің мәнін;

2) әрбір енгізілетін түзетудің нақты негіздемесін көрсету қажет.

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысы

Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттары

 

1

30-тармақ

     30. Шетелдік қызметкерлер функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша және еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша шетелдік жұмыс күшін екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартуға рұқсат береді немесе ұзартады.

     Екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын рұқсатты беруге немесе ұзартуға келісім алу үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің құжаттарын алдын ала қарау кезеңінде еңбек жөніндегі уәкілетті органға жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған шартты, келісімшартты қоса отырып, рұқсат берудің немесе ұзартудың жазбаша негіздемесін жібереді.

     Еңбек жөніндегі уәкілетті орган екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын рұқсатты беру немесе ұзарту негіздемесін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келісу немесе келісуден бас тарту туралы хат жібереді.

     30. Шетелдік қызметкерлер функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша және шетелдік қызметкерді (қызметкерлерді) жіберу көзделген бірліктің қабылдаушы уәкілетті органынның келісімі бойынша шетелдік жұмыс күшін екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартуға рұқсатты береді немесе ұзартады.

     Екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын рұқсатты беруге немесе ұзартуға келісім алу үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің құжаттарын алдын ала қарау кезеңінде қабылдаушы уәкілетті органға жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған шартты, келісімшартты қоса отырып, рұқсат берудің немесе ұзартудың жазбаша негіздемесін мезгілі үш жұмыс күні ішінде жібереді.

     Қабылдаушы уәкілетті орган оның әкімшілік-аумақтық бірлігінде қолданылатын рұқсатты беру немесе ұзарту негіздемесін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келісу немесе келісуден бас тарту туралы хат жібереді.

     Уәкілетті орган екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан шетелдік қызметкерлер туралы ақпаратты, әр квартал сайын еңбек жөніндегі уәкілетті органға ескертеді.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы                              13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына» сәйкес (бұдан әрі-Қағидалар), жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі-Еңбекмині) келісімі бойынша екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бере алады немесе ұзарта алады.

     Бүгінгі таңда, аталмыш норманы жұмыс берушілер «амал» ретінде пайдалануы мүмкін, оның көмегімен сол немесе басқа бір облысқа бөлінген квотаны айналып өтуге және басқа өңір арқылы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алуға болады.

     Мысалы, 2013 жылы Еңбекминінің №504-ө-м бұйрығымен Атырау облысына 9 378 бірлік квота бөлінді. Аталған бөлу, сондай-ақ квота өңірдің өзінің сұранысы есебінен бекітілген (жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша Атырау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы), ол өңірлік еңбек нарығының мүмкіндіктері мен сұраныстары ескеріле отырып соған байланысты қалыптастырылды.

     Сонымен қатар, 2013 жылғы                1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде                              23 компанияның өтініштері бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы квотадан тыс және дәл осы әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты жүргізуге жауап беретін Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарын хабардар етпестен, Атырау облысына тарту үшін қосымша 849 бірлік шетелдік қызметкерге рұқсат берген.

     Аталған іс-әрекеттер Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі нормаларымен үйлеспейді,            87-бапта жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіретіні, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз ететіні көзделген.

     Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, нақты аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын оның тиісті әкімі жүзеге асырады (басқа аумақтың әкімі емес).

     Қағидаларға енгізілетін бұл өзгерістер екі және одан көп өңірлерде қолданылатын аумақтан бірліктен рұқсат беру мәселесіндегі проблемаларды жоюға мүмкіндік береді.

 

31-тармақ

     31. Жұмыс берушінің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттарында, келісімшарттарында шарттың, келісімшарттың басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарында қолданылуы көрсетілмеген жағдайда, еңбек жөніндегі уәкілетті орган екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беруге келісім беруден бас тартады.

     31. Жұмыс берушінің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттарында, келісімшарттарында шарттың, келісімшарттың басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарында қолданылуы көрсетілмеген жағдайда, қабылдаушы уәкілетті орган екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беруге келісім беруден бас тартады.

 

2

32-тармақ

     32. Екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті органның келісу немесе келісуден бас тарту туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

     32. Екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдаушы уәкілетті органның келісу немесе келісуден бас тарту туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

3

33-тармақ

     33. Бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қолданылатын рұқсатты алған жұмыс беруші оны екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолдану туралы өтініш берген жағдайда уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті органның келісу туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеуді жүзеге асырады.

     Бастапқыда берілген рұқсат уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.

     33. Бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қолданылатын рұқсатты алған жұмыс беруші оны екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолдану туралы өтініш берген жағдайда уәкілетті орган қабылдаушы уәкілетті органның келісу туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеуді жүзеге асырады.

     Бастапқыда берілген рұқсат уәкілетті органға қайтарылуы тиіс.

4

36-тармақтың 5)-тармағы

36. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзiмiн ұзарту үшiн рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына дейін кемiнде жиырма жұмыс күнiнен кешіктірмей «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде уәкiлеттi органға мынадай құжаттар жiберiледi

5) сканермен көшiрiлген рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.

36. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзiмiн ұзарту үшiн рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына дейін кемiнде жиырма жұмыс күнiнен кешіктірмей                          «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде уәкiлеттi органға мынадай құжаттар жiберiледi

5) алынып тасталсын.

     «Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік қызметі 2013 жылдың                         1 қарашасынан бастап                           «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.

     Рұқсат белгіленген формада ресми бланкіде немесе электронды түрде берілетін болғандықтан, рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсыну қажеттігі жоқ.

«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217  қаулысы

 «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты стандарты

5

9-тармақтың он жетінші абзацтағы 6)-тармақшасы

көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін:

 

6) рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін:

 

 6) алынып тасталсын.

     «Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік қызметі 2013 жылдың                               1 қарашасынан бастап                  «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.

     Рұқсат белгіленген формада ресми бланкіде немесе электронды түрде берілетін болғандықтан, рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсыну қажеттігі жоқ.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі    Т. Дүйсенова


2014 жылғы «___»_________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы:  
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 және «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» және 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217  қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
 

Алынған күн

Мемлекеттік органдар, басшылар

Нақты кіммен келісілді (Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері (қолы, күні)

Қайтарылған күн

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі











Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі











Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі











Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі











Қазақстан Республикасы

Өңірлік даму министрлігі









Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 және «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» және 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217  қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  жобасына қоса берілетін құжаттардың  ТІЗБЕСІ
 

Р/с

Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі және күні

Парақ саны

1.

ҚР Үкіметі қаулысының

(ҚР Премьер-Министрі өкімінің) жобасы







2.

Жобаға түсіндірме жазба







3.

Жіберу көрсеткіші







4.

Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері







5.

Қол қойылған ҚР Үкіметі қаулысының (ҚР Премьер-Министрі өкімінің) көшірмесі







6.

Мемлекеттік орган басшысының міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі







7.









8.









9.























  Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы____________ құжат келіп түсті, оларда _______________парақ.
Полная версия
ИС BestProfi