Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ
ҚР 22.04.2015 жылғы № 306-V Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі
екі халық арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды нығайтуға ұмтыла отырып,
азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерінің әл-ауқаты мен ұлттық қауіпсіздігіне жәрдемдесе алатынын мойындай отырып,
төтенше жағдайлардың Тараптардың мемлекеттері үшін қауіп төндіретінін сезіне отырып,
азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ғылыми-техникалық ақпарат алмасудың Тараптар мемлекеттері үшін пайдасын ескере отырып,
Тараптардың біреуінің күштерімен және құралдарымен жою мүмкін емес төтенше жағдайлардың туындау мүмкіндігін және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында осыдан туындайтын екі мемлекеттің үйлесімді іс-қимылдарының қажеттілігін назарға ала отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы рөлін ескере отырып,
1-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер
Осы Келісімде пайдаланылатын терминдердің мынадай мағыналары бар:
1) сұрау салушы тарап - басқа Тарапқа көмек көрсету жөніндегі топтарды, жарақ пен қамтамасыз ету материалдарын жіберу туралы өтініш беретін Тарап; 
2) ұсынушы тарап - басқа Тараптың көмек көрсету жөніндегі топтарды, жарақ пен қамтамасыз ету материалдарын жіберу туралы өтінішін қанағаттандыратын Тарап; 
3) уәкілетті орган - осы Келісімді іске асыруға байланысты жұмыстарға басшылық ету және оларды үйлестіру үшін Тараптардың әрқайсысы тағайындайтын орган; 
4) көмек көрсету жөніндегі топ - сұрау салушы тарапқа жіберу үшін арнайы құрылған және көмек көрсетуге арналған мамандар тобы, оның ішінде әскери персонал; 
5) төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға залал келтіруге, қомақты материалдық шығынға және адамдардың тіршілік жағдайының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, табиғи немесе өзге де зілзаланың салдарынан белгілі бір аумақта қалыптасқан жағдай; 
6) төтенше жағдайлардың алдын алу - төтенше жағдайлардың туындау қауіп-қатерін мүмкін болғанынша барынша азайтуға, сондай-ақ адамдардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаға келтірілетін залал мен материалдық шығындар мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені;
7) төтенше жағдайды жою - төтенше жағдай туындаған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін құтқаруға және денсаулығын сақтауға, қоршаған табиғи ортаға келтірілетін залал мен материалдық шығындар мөлшерін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдай аймағын оқшаулауға, оған тән қауіпті факторлардың әрекетін тоқтатуға бағытталған авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар;
8) төтенше жағдай аймағы - төтенше жағдай орын алған аумақ;
9) азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын қазіргі заманғы зақымдау құралдарының зақымдаушы (қиратушы) факторларының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерінен қорғау мақсатында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар жиынтығы;
Полная версия
ИС BestProfi