Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 14.02.2023
«Иіру және түту өндірісінің технологиясы» кәсіби стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 458 бұйрығы
Осы Бұйрық 2023 жылғы 14 ақпаннан бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.А. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова 2014 жылғы 26 наурыз
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 458 бұйрығымен бекітілген
«Жіп иіру және жүн түту өндірісінің технологиясы» (Жін иіру өндірісі) кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жіп иіру және жүн тұту өндірісінің технологиясы» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілеуге;
2) қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
Полная версия

