Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жарлық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
1. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:  
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
«Бағдарлама паспорты» деген бөлімде:
«–мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі («Қазтест» тапсырудың нәтижесі бойынша 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95%)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«–мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің, азаматтық қызметшілердің және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі (қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын ҚАЗТЕСТ тапсырудың нәтижесі бойынша сертификат алған 2017 жылға қарай – 40%-дан кем емес, 2020 жылға қарай – 90%)»;
«–тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау үдерісін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 90%)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«–тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау үдерісін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі (2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 90%)»;
«–қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 100%)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«–қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (1998-2010 жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда жыл сайын өсімі –  5%)»;
«–ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесі (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 90%)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«–ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстарды сақтай отырып, курстармен қамтылған этностардың үлесі (2014 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда жыл сайын өсімі – 5%)»;
«–республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 15%, 2020 жылға қарай – 20%)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«– республикадағы ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 15%, 2020 жылға қарай – 20%)»;
«–үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 12%, 2020 жылға қарай – 15%-ға дейін) ұлғайту» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«–үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 12%, 2020 жылға қарай – 15%-ға дейін) арттыру».
«Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:  
Полная версия
ИС BestProfi