Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2016
«Асбест техникалық бұйымдарының өндірісі» кәсіби стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 15 мамырда № 9428 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 жылғы № 308 Бұйрығына сәйкес
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықты орындауды бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова 2014 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілді
«Асбест техникалық бұйымдарының өндірісі» кәсіби стандарты
1. Жалпы жағдайы
1. «Асбест техникалық бұйымдарының өндірісі» кәсіби стандарты (ары қарай КС) «Құрылыс индустриясы» кәсіби қызметі саласында біліктілік деңгейіне, міндеттемелеріне, құрамына, сапасына және еңбек шартына қойылатын талаптарды анықтап, мыналар үшін арналған болып табылады, яғни:
1) кәсіби міндет мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды шығару, еңбек нарығының қазіргі қажеттіліктеріне жауап беретін білікті талаптарды жаңарту;
2) қызметкерлерді басқару саласында тапсырмалардың кең ауқымын шешу;
3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульді оқу бағдарламаларын дайындау, сонымен қатар сәйкес оқу-әдістемелік материалдарды дайындау;
4) мамандардың біліктілігіне сәйкес кәсіби дайындығы мен растауына бағалау жүргізу;
2. КС негізгі қолданушылары ретінде:
Полная версия