Близость слов: Окончание:





«Азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарының айналымы, жарылғыш заттарды сатып алуға, сақтауға, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға және атыс тирлерін (атыс орындары) мен стенділерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 7968 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
Әкімшілік полиция комитеті
2014 жылғы 19 шілдедегі
шығыс № 5-5-3-68/892-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) «Азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарының айналымы, жарылғыш заттарды сатып алуға, сақтауға, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға және атыс тирлерін (атыс орындары) мен стенділерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) қарап шықты.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің:  
1. қаулы жобасының көрсетілген стандарттарындағы құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақытын және қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақытын 40 минуттан 30 минутқа өзгерту; 
2. қаулы жобасының көрсетілген стандарттарындағы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін, дара кәсіпкер үшін – жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға уәкілетті ішкі істер органы берген лицензияның көшірмелерін, қару мен оның патрондарын сатып алуға ІІД берген әрекет ету мерзімі 12 ай лицензиясының көшірмелерін, экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган импорттауға берген лицензияның көшірмесін, жеке тұлғаның (өтініш берушінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді салық органдарында есепке қою туралы куәліктің көшірмелерін ұсыну бойынша талаптарды алып тастау;  
3. «Заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшадағы банктік шотты (шоттың нөмірі, банктің атауы мен орналасқан жері) және қызметті жүзеге асыру мекен-жайын талап етуді алып тастау бөлігіндегі ҚР ҰКП ескертулерін жұмыс тәртібінде жоюын есепке ала отырып, басқа ұсыныстар жоқ екендігін хабарлаймыз.
Полная версия
ИС BestProfi