«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 1-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 818 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес «Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 09.02.2015 жылғы № 77 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 818 қаулысымен бекітілген
Электронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 1-2-тармағына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда:
1) шот-фактура нысаны;
2) электронды түрде жазып берілетін шот-фактураларды (бұдан әрі – ЭШФ) жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;
3) ЭШФ куәландыру тәртібі;
4) түзетілген, қосымша ЭШФ алынғанын растау ерекшелігі;
5) ЭШФ сақтау тәртібі;
6) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салық қызметі органдары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі айқындалады.
3. Салық кодексінің 256 және 263-баптары мен осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес жазып берілген және ЭШФ АЖ-де тіркелген ЭШФ қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) есепке жатқызу үшін негіз болып табылады. Егер шот-фактура қағаз тасығышта да, электронды түрде де жазып берілген жағдайда, онда электронды түрде жазып берілген шот-фактура тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ҚҚС есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол арқылы ЭШФ жазып беру, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру, алу және сақтау жүзеге асырылады;
2) ЭШФ жазып беретін адам – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шот-фактура жазып беру міндеттемесі жүктелген өзге де адамдар;
Полная версия