Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №279 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 1 тамыздағы № 8119 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрлігі
2014 жылғы 26 шілдедегі
шығыс № 20-3-18/530 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №279 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының (бұдан әрі -ҚРҮҚ) жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
Сервистік қызмет көрсету үшін КҚО-да орындарды қамтамасыз етуде проблемалар туындағанына байланысты, сондай-ақ жекелеген өңірлерде КҚО-ға қол жеткізу қиын болғандықтан, «Жұмыс істеп тұрған бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету шарттарындағы» 3-абзацты мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«Сервистік қолдау КҚО-да немесе ӨКП-де «жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсетіледі. Қажет болған жағдайда, сервистік қолдау көрсету жөніндегі Оператор белгілеген жекелеген қызмет түрлері бойынша клиенттің кәсіпорнына шығуға болады».
Басқа ескертулер мен ұсыныстарымыз жоқ.  
Басқарма Төрағасының орынбасары Г. Құрбанбаева
Полная версия
ИС BestProfi