Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
"Электр және электр механикалық жабдығы (түрлері бойынша)" кәсіби стандартты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а 2014 жылғы 17 наурыздағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 мамырда № 9414 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 жылғы № 704 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған «Электр және электр механикалық жабдығы (түрлері бойынша)» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ______________ Т. Дүйсенова 2014 жылғы 31 наурыз
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 наурыздағы № 89 бұйрығымен бекітілген
«Электр және электрмеханикалық жабдық (түрлері бойынша)» кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Электр және электрмеханикалық жабдық (түрлері бойынша)" кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) кәсіби қызмет саласындағы қызметкерлердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, біліктілігіне және құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды және:
1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілеуге;
2) қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
Полная версия