Близость слов: Окончание:





«Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
  1. Қоса Беріліп отырған Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.   
2. Осы қаулы 2014 жылғы 18 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға жатады.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары
  Жалпы ережелер
1. Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы Көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заныңдарына сәйкес әзірленді және рельстік көлік құралдарын пайдалануы тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар пайдаланылатын негізгі терминдер:
1) түйіспе желісі - электр энергиясының электр жылжымалы құрамның ток қабылдағыштарына берілуін қамтамасыз ететін түйіспе рельстер, кабель және жабдық;
2) габарит – заттардың, құрылыстардың, құрылғылардың шекті сыртқы геометриялық ернеуі;
3) жылжымалы құрам – метрополитеннің вагондары, локомотивтері және арнайы жылжымалы бірліктері (арнайы жылжымалы құрамы) және трамвай вогондары (жолаушы, жүк және арнайы мақсаты);
4) жылжымалы құрамның габариті- рельстік жолға қысылған жылжымалы құрам оның шегінен шыкпай орналасады шекті көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескін;
5) құрылыстардың жақындау габариті – оларды дайындау мен монтаждауға нормаланған рұқсаттарды ескере отырып, тұтас металконструкциялардың тіреулерінен басқа, станциялық ғимараттар мен құрылыс конструкцияларының ешқандай бөліктері кірмейтін, жылжымалы құрам мен жабдық ғана кіретін шекті көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескін;
Полная версия
ИС BestProfi