Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.12.2015
«Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 4 шілдеде № 9565 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 18.12.2015 жылғы № 975 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1887 қаулысымен бекітілген Азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережесінің 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6380 тіркелген, 2010 жылы 19 тамыздағы № 219 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (Қ.Қ. Ермекбаев):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 5 маусымдағы
№ 302 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 3 шілдедегі № 492
бұйрығымен бекітілген
Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) стационарлық көмекті алу үшін жоспарлы тәртіпте науқастарды емдеуге жатқызуды ұйымдастыруға қойылатын бірыңғай талаптарды регламенттейді.
2. Осы Нұсқаулықта жазылған талаптар жоспарлы емдеуге жатқызу үшін стационарды еркін таңдауды, қолжетімділікті, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде емдеуге жатқызу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету бөлігінде, сондай-ақ жоспарлы емдеуге жатқызу үдерісіне қатысушылардың арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында пациенттердің құқықтарын қорғауға бағытталған.
3. Емдеуге жатқызуды ұйымдастыру үдерісіне қатысушылар:
меншік нысандарына және медициналық қызмет көрсету деңгейіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - РЭДСО);
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - денсаулық сақтау басқармалары) болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi