Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.08.2022
Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 817 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.08.2022 жылғы № 571 Қаулысына сәйкес 
Редакция 23.11.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі;
2) оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың тізбесі;
3) көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 23 шілдедегі
 № 817 қаулысымен
 бекітілген
Оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Президенті.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.
3. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы.
4. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Терағасы.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
6. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
7. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы.
8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы.
Полная версия
ИС BestProfi