Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.12.2015
Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6380 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 18.12.2015 жылғы № 975 Бұйрығына сәйкес
Редакция 05.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1887 қаулысының 3-тармағының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Емделуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.03.2011 жылғы № 166 Бұйрығымен (20.12.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.06.2011 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін, стационарлық көмек көрсететін (оның ішінде ғылыми ұйымдар (ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар), жоғары медициналық білім беру ұйымдары және ғылыми қызметпен айналысатын өзге ұйымдар), қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдарының басшылары осы бұйрық талаптарын орындауды қамтамасыз етсін (міндетті түрде - жойылсын).
Осы Бұйрық 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.03.2011 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.06.2011 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармалары) басшылары (келісім бойынша):
Осы Бұйрық 1-2-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.03.2011 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.06.2011 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) өңірдегі Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы стационарларға жоспарлы емдеуге жатқызу үдерісіне мониторинг жүргізу және бағалау жүйесін қамтамасыз етсін;
2) амбулаториялық-емханалық деңгейде пациенттің стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, оған жоспарлы емдеуге жатқызылуға уақытылы және негізді жолдама беруді, емдеуге жатқызу үдерісінің аяқталуын бақылауды қамтамасыз етсін;
3) амбулаториялық-емханалық деңгейде стационарлық көмекті, бос төсектер, жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған және нақты күндері немесе емдеуге жатқызылмау себептері туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етсін;
4) жоспарлы емдеуге жатқызуды күтудің ұзақ мерзімін азайтуға арналған шаралар қабылдасын;
5) қолданыстағы төсектерді қысқарту және (немесе) ең көп сұрауы бар бейіндерге қайта бейіндеу қажеттілігін уақытылы қарастырсын;
6) бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонентті төлеу кезінде жоспарлы емдеуге жатқызу үдерісіне жүргізілген мониторинг және бағалау нәтижелерін ескерсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (Ермекбаев Қ.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 860 бұйрығының 
 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5978 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған, 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 9 том) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтаудың вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 3 шілдедегі № 492
бұйрығымен бекітілген
Полная версия
ИС BestProfi