Близость слов: Окончание:





«Бірыңғай тіркеуші есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Бірыңғай тіркеуші есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бірыңғай тіркеуші есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен жасалған «кері РЕПО» және «РЕПО» операциялары туралы есеп;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен орналастырылған салымдар мен ақша туралы есеп;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шартты талаптар (міндеттемелер) туралы есеп;  
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржы құралдарын аударым жасау бойынша операциялар туралы есеп;
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу бойынша қызметтің нәтижелері туралы есеп;
9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бірыңғай тіркеуші қызмет көрсететін инвестициялық қорлардың және пайларын (акцияларын) ұстаушылардың саны туралы есеп;
10) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздармен мәмілелерді орындауға қатысатын бірыңғай тіркеушінің және филиалдарының қызметкерлері туралы мәліметтер;
11) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша эмитенттердің дауыс беруші акциялары туралы есеп;
12) осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес бірыңғай тіркеушінің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Бірыңғай тіркеуші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей;
2) тоқсан сайын осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген есептілікті – есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей;
Полная версия
ИС BestProfi