1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 25.07.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығына 2-қосымша
«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 25 шілдеден бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2015 жылғы № 358 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – экстернат нысанында оқуға рұқсат беру.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) жоғары оқу орнының деканат қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды әрі тіркейді, және 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптамалық комиссия мүшелерінің қарауына береді;
2) сараптамалық комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынады;
3) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды;
4) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын, сондай-ақ шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі отырысының мөр басылған хаттамасынан үзіндіні білім беру саласындағы уәкілетті органға қарастыруға жолдайды;
5) білім беру саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастырады және кезеңі мен ұзақтығын көрсете отырып, экстернат нысанында оқуға жазбаша түрде рұқсат береді және білім беру ұйымына жолдайды;
6) білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде экстернат нысанында оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:
1) деканат қызметкерінің құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі, және сараптамалық комиссия мүшелеріне жіберуі;
2) сараптамалық комиссия мүшелерінің құжаттар топтамасын қарауы және білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынуы;
3) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесінің қарауы;
4) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесінің білім беру саласындағы уәкілетті органға қарастыруға жолдауы;
Полная версия