Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы
  Қазақстан Республикасының 2014 жылғы «__» _______ «Дене шынықтыру мен спорт туралы» Заңының 6-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидалары бекітілсін.
  2. «Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін өткізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1545 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2013ж., №80, 1055-құжат);  
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
  Осы Заң Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
  1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
 Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
 1) ардагер спортшы – спорттық мансабын аяқтаған жоғары дәрежелі спортшы;
 2) әуесқой спорт – жеке тұлғаларға спорттық шеберлiгiн жетiлдiруге және спорттың әр түрiнде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкiндiк беретiн бұқаралық спорт қозғалысы;
 3) бейімдік дене шынықтыру және спорт – мүгедектерді оңалтуға және қалыпты әлеуметтік ортаға бейімдеуге, олардың толыққанды өмірді сезінуіне кедергі келтіретін психологиялық тосқауылдарды жеңуіне, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік дамуына өзінің жеке үлес қосуының қажеттігін сезінуіне бағытталған спорттық-сауықтыру сипатындағы шаралар кешені;
 4) бұқаралық спорт – халық арасында дене шынықтыруды дамытуға жәрдемдесетін спорт қозғалысы;
 5) бірыңғай спорттық сыныптама – спортшылардың шеберлiк деңгейiн немесе жаттықтырушылар мен спорт төрешiлерінiң бiлiктiлiк деңгейiн айқындайтын спортшылардың, жаттықтырушылардың спорттық атақтары, разрядтары және спорт төрешілерінің санаттары жүйесi;  
 6) дене тәрбиесi – денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген өскелең ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабiлетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлы болуы мен өмiрiн ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс;
Полная версия
ИС BestProfi